Ағзаға майлы тағам не үшін қажет?
Майлы тағам ер адамның тестостеронын көтереді. Ал майы аз тағам, керісінше, азайтып жібереді. Ұлыбританияның Вустерск университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді. Олардың зерттеуі Journal of Steroid Biochemistry and Molecular Biology журналында жарияланған, деп жазады massaget.kz.
Зерттеушілер майлы астың ер адамға әсерін тексеру үшін 206 адамға тәжірибе жүргізген. Ер азаматтарға алдымен майлы (40 пайыздан асатын) тағамдардан тұратын диетаны ұстатқызады да, кейін майы аз (20 пайыздан төмен) тағамдарды берген екен.
Тәжірибе қорытындысы көрсеткендей, ер азаматтардың ағзасындағы тестостерон көлемі 10-15 пайызға дейін түсіп кеткен. Ал вегетариан диетасын ұстанғандардың тестостерон көлемі 26 пайызға дейін азайған көрінеді.
Зерттеушілердің айтуынша, зәйтүн мен авокадо майы, жаңғақ құрамындағы монотонды майлар тестостеронды көтеруге қуатты. Ал омега-6 сынды майлар ағзада қышқылданып, тестостерон бөлуші жасушаларды зақымдауы мүмкін.
Қазір дамыған елдер (АҚШ пен Ұлыбритания) майлы тағамдарға тыйым салып, майсыз диета ұстануды нормаға айналдырып жатқаны белгілі. АҚШ-та 35 пайыздан жоғары майлы тағам мен азық-түлікті сатуға шектеу қойған.
Алайда соңғы уақыттары ғалымдар адам ағзасына майлы тағам қажет, оны шектеудің зиян екенін көбірек айта бастады. Ал жаңа шыққан зерттеулер адамға май мен ақуыздың өте қажет екенін дәлелдеп жатыр, көмірсуы мол тағамдарды азайту қажеттігі де көп айтыла бастады.