«27 желтоқсан сағат 07-22-де «Бек Эйр» әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы нөмірі 2100 рейсін орындаған Фокер-100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй алабына құлады. Аталған ұшақ бетон қоршауды бұзып, 2 қабатты нысанға соғылған. Жедел түрде құтқару жұмыстары басталды....
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімгеқол қойылған болатын....
Президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды....
РФ Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді», – делінген Ресей мемлекеті басшысының жеделхатында....
«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады»-деп жазды Мемлекет басшысы...
Аудан әкімі Руслан Рүстемов «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы ұшақ апатынан қаза болған марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты....