Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Бұрымды ару – 2023» облыстық телевизиялық байқауы өтті

«Бұрымды ару – 2023» облыстық телевизиялық байқауы өтті

Қызылорда қаласында «Бұрымды ару – 2023» облыстық телевизиялық байқауы дәстүрлі сипат алып, биыл бесінші мәрте ұйымдастырылды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Қазақ қызына тән игі қасиеттер дәріптелетін дәстүрлі байқауға қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов арнайы қатысып, талапкер аруларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, дәстүрлі байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген барлық демеушілерге қала әкімінің арнайы «Алғыс хатын» табыстады.

«Бұрымды ару – 2023» облыстық телевизиялық байқауына облыс аумағынан 12 талапкер қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынады.

Байқауға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі кеңестің хатшысы, қазылар алқасының төрайымы Қаламқас Каримова, белгілі жырау, ҚР Мәдениет қайраткері Руслан Ахметов, байқаудың бас серіктесі, «САПА КА» жеңіл өнеркәсіп орталығының құрылтайшысы Аида Керімқұлова, тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі Үйтолған Жәрекеева және ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақжол Түменбай қазылық жасады.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы қазалылық Анель Темірхан «САПА КА» жеңіл өнеркәсіп орталығында дайындалған ауыспалы күміс Тәжімен марапатталды. Ал, жүлделі бірінші орынды сырдариялық Еркінай Пазылбекқызы жеңіп алса, екінші орынды қызылордалық Айдана Алтынбекова иеленді. Үшінші орын қызылордалық Балауса Берікке бұйырды. «Көрермендер көзайымы» номинациясын қызылордалық Ақнұр Қуанышова, «Зерделі ару» номинациясын шиелілік Жанель Баймырза иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге түрлі түсті әшекейленген тақия және демеушілер тарапынан түрлі сертификаттар табыс етілді.
01 наурыз 2023 ж. 416 0