Халық сазгерінің әндері шырқалды
Өткен аптада Айдарлы ауылында жергілікті халық керемет кештің куәсі атанды. Осыдан бір апта бұрын шымылдығын түрген «Екі жұлдыз» байқауының екінші кезеңі көрермен көңілінен шықты.
Ерекше дайындықпен келген бірнеше жұп бұл жолы – сазгер, қазақтың мақтанышы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқады. Әр салада жүре тұра, кәсіби әнші болмасада, өнерге деген құрметтерінің арқасында өздеріне берілген тапсырманы орындауда қатысушылар еш аянып қалмады. Барлық жұптың аса мұқият дайындалғандығы көрініп тұрды. Айта кетейік, байқауға қатысушылар өз көшесінің намысын қорғайды. Тілеулес болған көпшіліктің сенімін ақтау оңай емес екені мәлім. Осылайша, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін нақышына келтіріп орындаған жұптардың өнеріне әділ қазылар мүшесі Сәбит Қорабаев, Қожан Дайырханов, Динара Жәкешова бағасы мен қатар халық таңдаған жұбына дауыс берді.
Негізінен, ауылдық клуб үйінің ұйымдастырған кешінде есті әндер есте қалды. Үнемі іздес үстінде жүретін «Шамах көшесінің тұрғындары Сұңғат пен Арайлымға сәл ғана сәттілік жетіспеді. Қарсыластарынан аз ғана ұпай санымен жобадан шет қалған өнерпаздарға арнайы «Алғыс хат» пен қаржылай сыйлық табысталды.
Қашанда шын таланттардың орны сахна төрінде. Біз 30 – желтоқсан күні «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпазын анықтаймыз. Алдағы 15 желтоқсан күні 19.00де жұптар өз өнерлерін көрсететін болады. Бейсенбінің кешінде ән әлеміне бірге сапар шегейік.