Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әзербайжанда қазақ әдебиетінің электрондық базасы құрылады

Әзербайжанда қазақ әдебиетінің электрондық базасы құрылады

Әзербайжан ұлттық кітапханасы және Қазақстан ұлттық кітапханасы арасындағы байланыстар жылдан жылға нығайып, өзара ынтымақтастығының ауқымы кеңейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі тұста қазақ жазушыларының әзербайжан тіліндегі шығармалардың электронды базасы құрылып жатыр. Ол елдегі барлық кітапханаларға қолжетімді болады.

Қазақстан мен Әзербайжан 30 жыл бойы дипломатиялық қатынастармен қатар, мәдени байланыстарын да қарқынды дамытып келеді. Екі елді жалғайтын тағы бір алтын көпір – қазақ жазушыларының әзербайжан тіліндегі шығармаларыынң электрондық базасы. Оны құруға екіжақты ынтымақтастық меморандум негізінде қос елдің ұлттық кітапханалары атсалысып жатыр.

Хайаля Исмаилова, Әзербайжан ұлттық кітапханасының бөлім басшысы:

- Әзербайжанның ұлттық кітапханасында 2019 жылы халықаралық қатынастар залы ашылды. Онда 16 елдің басылымы сақталған. Залдағы ең ауқымды бұрыштардың бірі – кітапханамызға табысталған қазақ жазушылары кітаптарының стенді. Соңғы рет 200-дей кітап сыйлады. Жақын арада жаңа электронды базамыздың тұсаукесерін өткізуді көздеп отырмыз. Қос ел арасында дипломатиялық қатынастың орнауына 30 жыл толуына орай, Әзербайжанның ең ірі кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықты. Табысталған кітаптар арасында тарихи, көркем, ғылыми әдебиет және қазақ прозасы мен поэзиясының антологиялары бар.

Хайаля Исмаилова, Әзербайжан ұлттық кітапханасының бөлім басшысы:

- Әзербайжан ұлттық кітапханасы Қазақстандағы ең ірі екі ұйыммен ынтымақтастық орнатқан. Бұл Қазақстанның ұлттық кітапханасы және Ұлттық академиялық кітапханасы. Сондықтан осы бұрышымызда кітап көп. Мұнда қазақ авторларының кітаптарына қызығушылық танытқан жас буын өкілдерін жиі көресің.

Кітап алмасу, қазақ және әзербайжан әдеби орталықтарын ашу. Мамандардың айтуынша, бұл - қос халықтың ортақ тарихы, мәдениеті мен тілінің тереңнен бастау алатынын жас буынға жеткізудің оңтайлы жолы. 




22 сәуір 2022 ж. 493 0