Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Актер Фархат Әбдірайымов дүниеден өтті

Актер Фархат Әбдірайымов дүниеден өтті

Грузияда түсірілім барысында Қазақстан актері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай рас ақпарат. Ол Грузияда түсірілімде болған еді. Өлім себебі – инфаркт», - деп хабарлады кейіннен «Қазақфильм» АҚ-дан.

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның актері болған еді.

Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші», «Жел адам», «Француз құрбақасынан әзірленген борщ», «Шекара», «Жан жүрегім - Астана», «Параллель әлем», «Гейзер», «Үш лимон», «Батыр», «Ең сұлу» сынды фильмдерге түскен.

Фархат Нұрсұлтанұлы РФ «Үздік актер» кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алған. 2020 жылы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» аталымын иеленген.

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
21 мамыр 2021 ж. 411 0