2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабар

С.Сейфуллин ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 23 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынғандар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-117 қаулысы негізінде 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелді:
- Есенов Багдат Мырзалиевич – 1988 жылы туған, ұлты қазақ, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы. Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі. Тереңөзек кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- КөрпелдесовБауыржан Жетпісбайұлы – 1981 жылы туған, ұлты қазақ, Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Қалжан ахунауылдық округі әкімінің аппараты. Қалжан ахун ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы – 1983 жылы туған, ұлты қазақ, С.Сейфуллинауылдық округінің әкімі, С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты. С.Сейфуллин ауылдық округінде тұрады. «АMANAT» партиясынан ұсынылған.
Сырдария аудандық
сайлау комиссиясы