Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» журналистер арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» журналистер арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды.


Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, «Адал азамат», жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы және т.б.

«AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.


Өтінімдер 28 мамырдан 20 маусымға дейін қабылданады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.


Тақырыбы бойынша номинациялар:

1) «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;
2) «Адал азамат» туралы үздік материал»;
3) «Жастар туралы үздік материал»;
4) «Аймақ туралы ең үздік материал»;
5) «Партия жұмысы туралы үздік материал»;
6) «Алаш» қозғалысы туралы үздік материал»;
7) «Біз біргеміз» – су тасқынымен күрес туралы үздік материал».

Арнайы сыйлықтар:

Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;
«Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы;
Қаныш Сәтбаев атындағы «Ғылым әлемі» сыйлығы.

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.
Байланыс үшін: 8-7172-70-76-25, 8-7172-70-76-28, 8-7172-24-95-02
30 мамыр 2024 ж. 198 0