Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » 12 желтоқсанда қызылордалық оқушылар қашықтан оқиды

12 желтоқсанда қызылордалық оқушылар қашықтан оқиды

Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен 9-14, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады, ауаның температурасы түнде -20-25 0С, облыстың солтүстігінде -29 0С аяз, күндіз -15-20 0С, облыстың оңтүстігінде -10 0С аяз күтіледі.

Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-9 сынып оқушылары 12 желтоқсан күнгі сабақтарын қашықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.

Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс істейді.

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.


Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі


Фото: Нұрболат Нұржаубай
11 желтоқсан 2023 ж. 478 0