Су айдындарында балық аулауға тыйым салынады
Сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.
Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.
Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 шақырым, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 шақырым учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салынады.
"Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ-сі