Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 маусым күнгі ауа райы болжамы

25 маусым күнгі ауа райы болжамы

Маусымның 25-і күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» мәліметтеріне сүйене отырып.

Республиканың басым бөлігінде бүгін найғазай ойнап,  жаңбыр жауып,  жел  күшейеді. Сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстікте және шығыста тұман түсіп,  Қазақстаның оңтүстігінде және оңтүстіск-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде дауыл тұруы мүмкін. Сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге   жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.  

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс-Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең  тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Ақтөбе облысында күндіз қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысында күн қатты ысиды. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де күндіз аптап ыстық сақталады.     

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.   

www.inform.kz  

25 маусым 2019 ж. 411 0