Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 80 газет

21 қазан 2025 ж.

№79 газет

18 қазан 2025 ж.

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » СУРЕТ СӨЙЛЕП ТҰРУЫ ТИІС

СУРЕТ СӨЙЛЕП ТҰРУЫ ТИІС

Сурет арқылы кез келген оқиғаны толық беруге болады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форум аясында "Фотожурналистиканың құпиялары" тақырыбында мастер клас өткізген Григорий Дукор айтты. ТАСС фотоақпараттық редакциясының басшысы, танымал ресейлік фотограф түрлі жағдайда сәтті кадр түсірудің құпияларын жеткізді.
- Кез келген суретті түсіргенде сол сурет сөйлеп тұруы тиіс. Сол арқылы оқырман барлық мәселені ұғынуы қажет. Бұл арада кәсібилік басты талап болып саналады, - деді білікті маман. Сондай-ақ, Г.Дукор сәтті кадрдың сырын атап берді. Яғни, кез келген оқиға орнында дәлдікке аса мән беруі керек. Оған қоса, әрбір сәтті мүлт жібермеуі тиіс. Сонда сурет оқырманға қызықты болмақ. Шеберлік сағатында ресейлік маман сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, Еуразиялық медиа форум жұмысы 24 мамырға дейін жалғасады. Ауқымды шара аясында әлемдік медиа эксперттерінің қатысуымен шеберік сыныптары өтуде. Оған аймақтан барған журналистер қатысуда.

Е.БЕРКІНБАЕВ
22 мамыр 2019 ж. 1 086 0