Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстанда Гагарин есімді қанша азамат бар?

Қазақстанда Гагарин есімді қанша азамат бар?

12 сәуір - Адамзаттың ғарышқа ұшқан күні. Юрий Гагарин - әлем тарихында тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне сапар шеккен космонавт, Кеңес Одағының батыры. Baribar.kz елімізде Гагарин деген есімді иеленген қанша адам барын анықтады.

Қазақстанда Гагарин деген есімді 37 адам тұрады. Бұл туралы мәлімет ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен алынды.

Аты тұңғыш ғарышкердің құрметіне қойылған 37 адамның 35-інің ұлты – қазақ. 37 Гагариннің 9-ы – Түркістан облысының, алтауы Алматы облысының, бесеуі Маңғыстау облысының азаматтары.

Ақмола облысында мұндай есімді 3, Қарағанды облысында 3, Ақтөбе облысында 2, Қызылорда облысында 2, Батыс Қазақстан облысында 2, Павлодар облысында 2 адам тұрады. Гагарин деген атты иеленген бір-бір тұрғын Алматыда, Шымкентте және Жамбыл облысында да бар.
12 сәуір 2019 ж. 811 0