Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Назарбаев Мамин туралы: Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз

Назарбаев Мамин туралы: Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Бюросының отырысына қатысып, Асқар Маминнің премьер-министр қызметіне келуі туралы айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Бұрынғы үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздермен жаңа премьер-министр Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе инфрақұрылымды дамыту саласында, көп жұмыс атқарылды», – дейді елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.

«Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек», – дейді президент.
Айта кетсек, бүгін мәжіліс депутаттары үкімет басшысы қызметіне Асқар Маминнің келуін мақұлдады. Олардың пікірінше, Мамин мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай алады.
25 ақпан 2019 ж. 1 046 0