Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 2018 жылдың үздік фильмі анықталды

2018 жылдың үздік фильмі анықталды


 АҚШ Ұлттық киносыншылар қоғамы (NSFC) 2018 жылғы үздік фильмдер рейтингін жариялады.

РИА Новости мәліметінше, ұйым Қытай режиссері Хлои Чжаоның «Наездник» фильмін үздік деп таныған.
The Hollywood Reporter ақпаратына сәйкес, бұл кинотуынды ауыр бас жарақаты салдарынан сүйікті ісін тастауға мәжбүр болған жылқы үйретуші жайлы баяндайды.

Киносыншылар Мексика режиссері Альфонсо Куаронның «Рома» фильмін екінші орынға лайықты деп таныған. Ал үшінші орынға Оңтүстік Корея режиссері Ли Чхан-донның «Пылающий» туындысы ие болды.

Мамандар фильмі екінші орынға ие болса да, «үздік режиссер» атағына Альфонсо Куаронды лайық деп тапқан. Ұйым «үздік актер» мен «үздік актрисаны» да анықтады. «Жылдың үздік актері» атағына Пол Шредердің «Дневник пастыря» фильмінде басты рөлді сомдаған Итан Хоук ие болды. Ал «Фаворитка» туындысында ойнаған Оливия Колман «үздік актриса» атанды.

Ұлттық киносыншылар қоғамы «үздік сценаристер - «Смерть Сталина» фильміне сценарий жазған Армандо Ианнуччи, Дэвид Шнайдер мен Йен Мартин» деген қорытындыға келді.

Атап өтсек, АҚШ Ұлттық киносыншылар қоғамының 64 мүшесі бар. Қоғам 1966 жылы құрылған.
baq.kz
06 қаңтар 2019 ж. 647 0