Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АТАМЕКЕН» ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ АУҒАНСТАН БИЗНЕС ХАНЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ

«АТАМЕКЕН» ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ АУҒАНСТАН БИЗНЕС ХАНЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі Мемлекет басшысының Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі өңірлік бастамасын бірінші болып қолдап, осы елдің әйелдер сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі Астанада өткен «Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты өңірлік конференция аясында жүзеге асты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова меморандумға қол қою барысында бұл оқиға екі елдің кәсіпкер әйелдері арасында тікелей іскер байланыстарды орнату үдерісінде маңызды әрі келешекті қадам екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы көтерген өңірлік бастаманы «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі тарапынанқолдап отыр. Жекелеген мемлекеттегі тыныштық пен экономикалық қауіпсіздік – өңірлік тұрақтылықтың кепілі екенін айтқым келеді. Бүгін Уафек ханым (Манижа Уафек – Ауғанстан әйелдері сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті) екеуміз қол қойған меморандум іскерлік байланыстарды орнатуда сүбелі үлес қосатынына сенімдіміз. Конференцияда екі елдің ер азаматтары арасында ғана іскерлік байланыс орнаған деген ой айтылды. Бүгінгі меморандум бұл жайтты түзейді деп сенемін», – деді Лаззат Рамазанова. 
06 қыркүйек 2018 ж. 836 0