Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарын көрді

Жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарын көрді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарын көрді.

Қазіргі таңда вокзал аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, ғимараттың негізгі құрылымдары бойынша арматура тоқу, перрон жиегін жөндеу, сондай-ақ ғимараттың ішкі бөлігін электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуда.

Аудан әкімі нысандағы жұмыстардың сапасы мен орындалу барысын қарап, құрылыс жұмыстарының белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуін назарға салды. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, құрылыс материалдарының сапасын қамтамасыз ету және жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу жөнінде жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

Жоба аясындағы жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы вокзал ғимаратының жағдайын жақсартып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және нысан аумағының сәулеттік-көріктік келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сырдария ауданы әкімінің қызметі
03 қыркүйек 2026 ж. 99 0