Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған күн иесі өз таңдауын жасады

Туған күн иесі өз таңдауын жасады

Бүгін, 23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күндердің бірі. Бесарық ауылы №168 сайлау учаскесінде тұрғындар өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасауда.
Осындай айтулы күні туған күнін атап өтіп жатқан ауыл тұрғыны, Есқали Кишкенбаев сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Ел үшін маңызды науқанға туған күнінде қатысып, азаматтық парызын орындаған Есқали ағамыздың бұл қадамы көпшілікке үлгі боларлықтай.
Сайлау учаскесінің ұйымдастырушылары мен ауыл тұрғындары туған күн иесін ерекше ықыласпен құттықтап, оған ақжолтай тілектерін білдірді. Азаматтық белсенділігін атап өтіп, арнайы сыйлық табыстады.
23 тамыз 2026 ж. 62 0