Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Биыл ораза қашан басталатыны белгілі болды

Биыл ораза қашан басталатыны белгілі болды

Мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес, ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Рамазанның аяқталуына арнайы дастархан жайылып тойланатын тағы бір діни мереке – Ораза айт 20 наурызға дөп келіп тұр.
Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа – 26 мамыр.Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
«Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін», – деп ескертті басқармадағылар.
Сонымен қатар мұсылмандар үшін қасиетті түндер – Миғраж түні қаңтардың 15-інен 16-сына қарағанда, Бараат түні ақпанның 2-сінен 3-іне қарағанда аталады. Ал Мәуліт айы 25 тамызда кіреді.

Фото: Ашықдереккөзден 

18 қаңтар 2026 ж. 133 0