Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жерде 2026 жылдағы алғашқы магниттік дауыл тіркелді

Жерде 2026 жылдағы алғашқы магниттік дауыл тіркелді

Жер бетінде жаңа 2026 жылдағы алғашқы магниттік дауыл тіркелді. Магниттік дауыл 3 қаңтарға қараған түні Астана уақыты бойынша шамамен сағат 1:00-де тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Күн астрономия зертханасына сілтеме жасап.

Зертхана мәліметі бойынша, 31 желтоқсанда Жер бетінде геомагниттік көрсеткіштер артқан.

Институт сарапшыларының айтуынша, 2026 жылдағы алғашқы магниттік дауыл араға екі күн салып тіркелсе, 2025 жылы магниттік дауыл бірден 1 қаңтарда (5 балдық шкала бойынша 4-деңгей) тіркелген әрі жылдың ең күшті дауылдарының бірі болған.

Бұл жолы қаңтар айында дауыл күші әлдеқайда жеңіл болып отыр: деңгей – G1 (минимум), G2-ге дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар.

Айта кетсек, 2025 жылы магниттік дауылдар болған күндер саны соңғы 10 жылда ең жоғары көрсеткішке жетіп, күші де жоғары болған еді.
03 қаңтар 2026 ж. 54 0