Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Биофармацевтикалық кешен салынады

Биофармацевтикалық кешен салынады

Қазақстанда құны 103 млрд теңгені құрайтын толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады

ҚР Президентінің фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында елімізде ірі стратегиялық инвестициялық жоба іске асырылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Кешен дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады. Жоба аясында 58 түрлі препарат шығаратын өндіріс қуатын құру, оның ішінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіру көзделген.

Өндірістік портфельге 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар енеді.

Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ кешенде 180-нен астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

02 қаңтар 2026 ж. 110 0