Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Құрылыс алаңдарындағы жұмыс жалғасуда

Құрылыс алаңдарындағы жұмыс жалғасуда

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралау барысында алдымен "Достық үйіндегі" жұмыстарды көрді.

Ғимарат алдағы уақытта пайдалануға берілетіндіктен, мұнда құрылысшылар ішкі және сыртқы абаттандыруға кіріскен. Жалпы нысан ішінде кеңселер, холл, фойе, ресепшн, гардероб, 200 орындық үлкен зал және 60 орындық кофейня болады. Жиындар мен басқосуларға арналған конференц-зал заманауи техникалармен жабдықталмақ.
Сондай-ақ би студиясы, музыка және вокал кабинеттері, клуб, қоймалар, архив пен қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Құрылысына «Қазақстан халқына» қоры 2,9 млрд теңге бөлген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде де жұмыс қарқын алған.
Кешеннің бірінші қабатында волейбол, екінші қабатында күрес және өзге де спорт залдары орналасады. Барлығы спортпен шұғылдануға талап қылған үлкен-кішіге ыңғайлы болмақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 желтоқсан 2025 ж. 36 0