Тексеру қорытындысы талқыланды
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен облыстық прокуратураның алқа отырысында жер заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы талқыланды. Оған барлық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.Жиында жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу кезектілігін реттеу, Бас жоспар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, заңсыз иеленген жерлерді түгендеу, су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы мәліметтерді кадастр жүйесіне енгізу, ауыл шаруашылығы дақылдарының ротациясын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі










