Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт қайраткеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Ұлт қайраткеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында Қызылорда облысы әкімдігі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері: тарих, таным және тағылым» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтіп жатыр. Kyzylorda-news.kz 

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының ірі өкілі, түркі дүниесінің ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жылы аясында  ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінің ғалымдары мен зерттеушілері, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, магистранттар мен докторанттар бас қосты. Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыстар түрінде өтіп жатыр. 

Ғалымдар мен сарапшылар Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, саяси-қоғамдық қызметі, публицистикалық және ағартушылық еңбектері, сондай-ақ, оның идеяларының қазіргі кезеңдегі өзектілігі жөнінде баяндамалар жасады.

Конференцияның пленарлық мәжілісінің кіріспе сөзі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлына берілді. 

Пленарлық мәжілісте Түркия, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара, АҚШ, Мичиган университетінің құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы Тимур Кожаұлы, (Тимур Қожаұлы ағамыз Түркістан халықтары ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, Мұстафа Шоқайдың серіктесі Усман Қожаның немересі),  Өзбекстан Халықаралық ислам академиясының профессоры тарих ғылымдарының докторы Саидакбар Саидович Агзамходжаев, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Раджабов Қаһромон, Азербайжан ҰҒА тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гюллю Йологлу, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент, Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр PhD, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар мен жасөспірімдер әдеби жанрлық кеңесінің төрағасы Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы, Мұстафа Шоқайтану ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір баяндама жасады.
14 қараша 2025 ж. 49 0