Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды

Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу және денсаулық мәселелерін көтерді.

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді, бірқатарының шешу жолдары көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда болған «Ягодка» саяжайының тұрғыны, жалғызбасты ана саяжайдан алған жер теліміне баспана салу үшін іргетасын құйып беруді сұрады. Аймақ басшысы демеушілер есебінен құрылысты толық салуға көмек көрсетуді тапсырды.

Қызылорда қаласының тұрғыны уақытша баспанамен қамтамасыз ету, немерелерін тегін балабақшаға орналастыру мәселесін қозғау үшін қабылдауға келген. Оған тұрғын үй, жер учаскесі тек заң аясында, белгіленген кезекке сәйкес берілетіні және міндетті түрде үй кезегіне тұру қажет екені түсіндірілді.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің, орынбасарларының, жауапты сала басшыларының қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 қыркүйек 2025 ж. 63 0