Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат депутаттары Қызылордадағы әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысымен танысты

Сенат депутаттары Қызылордадағы әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысымен танысты

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, жауапты басқарма басшылары және облыстық мәслихат депутаттары сол жағалаудағы көпбейінді аурухананың және «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылыс барысын көрді.

Бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік аурухана құрылысы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған. Бас мердігер «Мелиоратор», бас жобалаушы «ALTYN строй-проект, техникалық қадағалаушы «АДС САПА» серіктестіктері.

Нысан 3, 5, 7 және 9 қабатты блоктардан тұрады. Жалпы жер аумағы 6,8 гектар, ғимараттың жалпы ауданы 57 333,7 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың наурыз айында басталып, 2026 жылы аяқталуы жоспарланған. Қазір монолит плиталары құйылып, кірпіші қалануда.

«Қызылорда Арена» спорт кешені облыстық бюджет есебінен салынуда. Бас мердігер «ASPAN HOLDING, жобалаушы «Жоба», техникалық қадағалаушы «Строй-Проф» серіктестіктері.

Кешен 3 және 4 қабатты блоктардан тұрады. Жалпы жер көлемі 2,1 гектар, ғимараттың жалпы ауданы 25 540,67 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың шілдесінде басталып, 2027 жылы аяқталады. Жаңа кешен өңірдің спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты дамытуға, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 тамыз 2025 ж. 203 0