Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ҚОРҒАСТА БӨГЕТ САЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ҚОРҒАСТА БӨГЕТ САЛАДЫ


Қазақстан мен Қытай бірлесіп, Қорғас өзенінде селге бөгет болатын тоған салады. Сенат жалпы отырыста ҚР мен ҚХР арасындағы тиісті келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.
Осыған дейін аталып өтілгендей, Келісімдегі талаптарға сәйкес тараптар Қорғас өзенінде қазақстандық-қытайлық бірлескен "Достық" су торабынан ағысқа қарай 5 километр жоғары қашықтықта селге бөгет болатын тоған салады.
Бөгет тең үлестер бойынша Қазақстан мен Қытайдың иелігінде болады. Тараптар құрылысты тең қаржыландырады (жалпы құнының 50%).
"Бөгет салуда орталық темірбетон бөлігінің (соның ішінде қажетті металл құрылымдарының), тоғанның жердегі бөлігінің, бақылау-өлшеу жүйесінің, уақытша тосқауыл мен құрылыс уақытында суды бұру каналының, сонымен бірге екі жақтан 200 метрден бөгеттен төмен орналасқан дамбалардың құрылысы қарастырылған", – делінген Келісімнің тұжырымдамасында.
23 маусым 2018 ж. 826 1

Гость JeaOrer от 28 ақпан 2019 17:31
Lasix Purchase online pharmacy Cialis De Marque Generic Propecia Best