«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарының талаптарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, мінез-құлқына ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын азаматтармен жұмыстарды ұйымдастыру негізінде ағымдағы жылдың маусым айының 05-15 күндері аралығында Сырдария ауданы көлемінде «Отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында бөлімнің профилактикалық есебінде тұратын тұлғалардың мекен-жайлары араланып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Сырдария аудандық полиция бөлімі
Фото: Н.Нұржаубай