Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Нағи Ілиясов ауылына табиғи газ берілді

Нағи Ілиясов ауылына табиғи газ берілді

Облыс әкімінің ауданға сапары тарихи маңызды іс-шаралармен жалғасын тапты. Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов атындағы ауылдық округке табиғи газ беріліп, ауыл халқының қуанышы еселенді.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қар­са­ңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен газ қосу рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Облыс әкімі тұрғындарды айтулы мерекемен және көптен күткен газ қосу рәсімімен құттықтады.

– Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың ме­рекесі! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жаса­ған жұмыс сапарында осы ауыл­дың әлеуметтік-экономикалық дам­уымен танысып, «Нағи Ілиясов басқа ауылдарға да үлгі болуы қажет. Сондықтан өзге облыстар да ауылдарды осылай дамытады деп ойлаймын» деп жоғары бағасын берген болатын. Ауылды гүлдендіріп, өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсеткен Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Абзал Ералиевтің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Бұған дейін тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория, «Еңбек аллеясы» ашылған еді. Қазір халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Бүгін мі­не, мерейлі мереке қарсаңында Нағи Ілиясов ауылын газға қосу рә­сіміне жиналдық. «Көгілдір отын» баршаңыз­ға құтты, берекелі болғай! – деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімі­нің Алғыс хатымен марапатталды. Өз кезегінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізіп, ел ағасы, Қызылорда облы­сы­ның құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді. Аталған рәсімнен кейін құрметті қонақтар ауылды аралап көрді. Оқу-ағарту министрі ауыл мектебіне арнайы барып, жұмысымен танысты.

Айта кетейік, бұған дейін де еліміздегі ең сәулетті, берекелі ауыл­дардың қатарында аталатын Нағи Ілиясов елді мекені «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысымен республикадағы турис­тік ауылдардың үздік бестігіне енген.

«Тт» ақпарат
10 мамыр 2025 ж. 97 0