Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2023 жылы 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен бөлген 118 млн. 400 мың теңгеге мектептерге инфрақұрылым жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, жұмыс толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, мектептердің іргелес аумақтарын абаттандыруға, жол салуға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 80 млн. теңге қаралды. Қазір Қызылорда қаласындағы 1500 орындық мектептегі құрылыс жұмыстары 57 пайыз, екінші 1500 орындық мектептегі жұмыс 38 пайыз орындалған. Ал 600 орындық мектеп 64 пайыз, Арал ауданындағы 300 орындық мектеп 63 пайыз біткен.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

01 мамыр 2025 ж. 397 0