15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

2023 жылы көміртегі шығарындылары 36,8 миллиард тоннаға жетті, ал қатты тұрмыстық қалдықтар 2 миллиард тоннадан асты. Олар 30 жылда 3,4 миллиард тоннаға дейін өседі деп болжануда.
Тұтынушылар планетаны сақтауда маңызды рөл атқара алады. Міне, осы мақсатқа жету үшін бірнеше қадамдар жасай аласыз.
Бір рет қолданылатын пластиктен аулақ болыңыз.
Жыл сайын қоршаған ортаға 52 миллион тонна пластик қалдықтары түседі, оның ыдырауы және экожүйеге зиянын тигізу үшін ғасырлар қажет. Мүмкіндігінше бір рет қолданылатын ыдыстарды қолданбауға тырысыңыз. Бұл сіздің өмір сүру сапасын нашарлатпайды, бірақ сіз табиғатқа үлкен көмек көрсетесіз.
Мүмкіндігінше жеке көлікпен емес, қоғамдық көлікпен, велосипедпен жүруге тырысыңыз.
Үйде су және жылу есептегіштерін орнату, энергияны үнемдейтін шамдарды сатып алу. Бұл табиғи ресурстарды ғана емес, ақшаңызды да үнемдейді.
2024 жылы департаментке тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы – 435 өтініш келіп түсті. Жалпы алғанда өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдауда 261 өтініштің бөлшек сауда саласына келетіндігі немесе 60,0 пайызы (атап айтсақ, сапасыз тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, 14 күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну), электрондық сауда – 35 (8,0 пайыз – тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері саласы бойынша - 19 (4,4 пайыз – коммуналдық қызметтер үшін төлемді негізсіз есептеу, пәтер иелері кооперативтерінің тиісті деңгейде қызмет көрсетпеуі, қоғамдық тамақтану – 15 (3,4 пайыз – сапасыз тамақ өнімдері, жарамдылық, сақтау мерзімдері) және де басқа салалар. Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысымен 244-өтініш қанағаттандырылды, 15-өтініш түсіндіріліп, 151-өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 7,7 млн.теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды. Есепті кезеңде департаментпен 40 нарық субъектісіне тексерулер жүргізіліп, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден