Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Облыс әкімі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысымен кездесті

Облыс әкімі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгинмен кездесті.

Аймақ басшысы қаланы бірлесіп дамытудағы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесуде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өту жоспары талқыланды. Облыс әкімдігі мерейтойға қатысты іс-шаралар жоспарын бірлесіп пысықтауда.

Бұдан бөлек, кездесуде Байқоңыр қаласындағы инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, қаланың Бас жоспары, қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясындағы сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту және бес тұрғын үйдің құрылыс барысы қаралды.

Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстар одан әрі де жоспарға сәйкес іске асырылатынын айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

01 ақпан 2025 ж. 279 0