Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

2 қаңтарда Скандинавия түбегінен келетін циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, солтүстікте, солтүстік батыста, елдің орталығында қар жауады, деп хабарлайды baq.kz.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар түсіп, елдің оңтүстік шығысында, шығысында, оңтүстігінде, батысында қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с-ге жетеді, кей уақыттарда одан да асып кетуі ықтимал.

Астанада күн бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -5-7°C, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +3+5°C, желдің жылдамдығы 5-10м/с.

Фото: Нұрболат НҰРЖУБАЙ
02 қаңтар 2025 ж. 167 0