Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Астана әуежайында автотұрақ қымбаттайды

Астана әуежайында автотұрақ қымбаттайды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы нысан аумағындағы ақылы автотұраққа көлік қаңтару құны артатынын ескертті, деп хабарлайды Kaz.inform.kz.

«Тұрақ аймағының, жабық паркингінің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау үшін, сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына, оның ішінде 2024 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтері ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты, Сіздерді 2024 жылғы 15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші компания «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары өзгергені туралы хабардар етеміз», - деп жазылған әуежайдың әлеуметтік желіге жарияланған хабарламасында.

Еске салсақ, Астана қаласындағы ақылы тұрақ орындарының саны 10 мыңға дейін жеткізіледі. Ол үшін тағы 2800 автотұрақ орнын ақылы ету көзделіп отыр.

Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform
04 қазан 2024 ж. 155 0