Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жыл басынан бері 150 жуық егіз дүниеге келді

Қызылордада жыл басынан бері 150 жуық егіз дүниеге келді

Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келді. Оның ішінде 149 жұп - егіздер. Көбінесе егіздер облыс орталығында дүниеге келген.

Айта кетейік, биылғы жылы туылған егіздердің жалпы санының 60% Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіздерді босанды. Арал ауданы 16 жұп егізден дүние есігін ашты. Үштікті Жаңақорған ауданы 11 жұп егіздермен қортындылайды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданында 9 жұп, Шиелі ауданында 8, Байқоңыр қаласында 5, Қармақшы, Сырдария аудандарында 4, Жалағаш ауданында 2 жұп егіздердің дүниеге келді.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша үшемнің тууы тіркелген жоқ.
18 қыркүйек 2024 ж. 364 0