Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Бейбіт атом – береке, бірлік, болашақ!»

«Бейбіт атом – береке, бірлік, болашақ!»

Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін мәлімдеді. Референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтпек. Осыған байланысты аудандық мәдениет үйінде «Бейбіт атом - берке, бірлік, болашақ!» тақырыбында танымдық конференция өтті.

Конференция модераторы болып ҚР Журналистер одағының мүшесі А.Ибрагимұлы бекітіліп, Қазақстанда АЭС салудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, іс-шара тақырыбына қатысты өз ойымен және ұсыныс-пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, жиын барысында спикеркер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Академигі Нұрбол Аппазов және аудандық «Аналар» кеңесінің төрайымы Балшекер Өтегенова, ұстаз, №139 мектептің физика пәнінің мұғалімі Әкежан Бекенов қатысты. Кездесуде АЭС маңызы, қауіпсіздігі, электр қуатының еліміздегі экономикаға берер пайдасы туралы сөз қозғалды.

Өз кезегінде конференция спикерлері Қазақстандағы атом энергетикасының мүмкіндіктері мен сын-қатерлері туралы маңызды мәселелерді айрықша атап өтіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде атом энергетикасының рөлі зор екенін жеткізе білді. Сондай-ақ, шетелдерде салынып жатқан атом электр станциялары жайлы ақпарат беріліп, елімізде де осындай жобаны жүзеге асыру туралы ақпарат талқыланды.

– Атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба болмақ. АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндік береді. Атап айтқанда, лайықты жалақысы бар онмыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орны құрылады. Осы мақсатта атом энергетикасын дамытудың болашақ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадр даярлаудың жеке жоспары әзірленіп, оның негізінде қажетті мамандар даярланады. Қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жеткендей. Мамандар зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен. Сонда, бұл электр стансасының қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі айтарлықтай екендігіне көз жеткізуге болады. АЭС салу – бұл бір күннің ғана мәселесі емес. Бұл ауқымды жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алатыны анық. Қазіргі қолға алынып жатқан істер, мына біз бен сіз, яғни еліміздң жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Ендеше, батыл шешім қабылдайтын уақыт келіп жетті. Олай болса, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау көрсетіп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауға шақырамын, – деді конференция спикері Нұрбол Аппазов.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз көзқарастарын айтып, ашық диалог алаңында еркін пікір алмасты. Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде жалпыұлттық референдум өтеді. Онда халықтың дауыс беруі арқылы АЭС салу мәселесі толық шешімін табады деп күтілуде.

Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
13 қыркүйек 2024 ж. 429 0