Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі күнде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аудан орталығы Тереңөзек кентін абаттандыру және көрікті орынға айналдыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бірінші кезекте, санитарлық тазалау, тротуарлар мен тұрғын үйлердің қасбеттерін тиісті қалыпқа келтіру, саябақтарды көріктендіру және көгаландыру жұмыстары іске асырылуда.

Осы орайда, А.Иманов көшесі бойындағы "Жастар аллеясының" жасыл желектерін абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында конкурс өткізіліп, “Техоснастка-Ремсервис” ЖШС-і аталған жұмыстарды атқаруда.


Қазіргі таңда, аллеяның екі жағы тегістеліп, тас төселіп, бордюрлар орнатылуда. Жалпы аталған нысан қыркүйек айында аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Аллея аумағы ретке келтіріліп, алдағы уақытта аудан тұрғындары мен жастардың серуендейтін орталығына айналады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 тамыз 2024 ж. 540 0