Жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі
3 кезең: 2024 жылдан бастап
– Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары);
– Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары);
– Дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары).
Салық есептілігі 250.00 нысаны тапсыру міндеттелген
Аталған тұлғалар Сіздерге кеңес, түсіндірме қажет болған жағдайда Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қ.Қазантаев көшесі №4 орналасқан Мемлекеттік кірістер басқармасына келуге шақырамыз (қате болған жағдайда ақысыз салық есептілігі 250.00 нысанын тапсыру жүреді).
Анықтама телефоны: 8-724-36-21-4-53.
4 кезең: 2025 жылдан бастап
– Азаматтардың өзге қалған санаттары декларация ұсынатын болады.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 630-бабына сәйкес, 2023 жылдан бастап «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын» (250.00 нысанды) ұсыну міндеттемесі алғашқы рет туындаған жеке тұлғалар үшін, салық есептілігі нысанының түрі «бастапқы»; салық төлеушінің «Б санаты» бойынша; 2023 жылғы салық кезеңі үшін ұсынылады.
«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы»
(250.00-нысан) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынның шегінен тыс жерлерде жылжыйтын, жылжымайтын мүліктердің, банктік шоттардың, Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық, жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктен бөлек дебиторлық және кредиторлық берешектерін көрсетуге және бағалау құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) табыс етеді.
Демек, бірінші кезеңде 2022 жылдан бастап активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер:
1. Есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер;
2. Салықтық шегерімдер;
3. Мүлікті сатып алу және (немесе) есептен шығару фактісі;
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
6. Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек. ҚР Екінші деңгейдегі банктеріне қарыздар көрсетілмейді.
Декларацияларды ұсыну мерзімі:
Қағаз тасығышта - 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
Электрондық түрде - 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тапсырады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мерзімде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы және жеке тұлғаның кірістері мен мүлікі туралы декларациясын мерзімде ұсынбау фактілері бойынша бірінші рет ескерту жасауға, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған жағдайда он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «App Store» немесе «Play Market»-тен «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшаларын жүктеу арқылы тапсыруға болады.
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото:ашық дереккөзден