Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер декларация тапсыруға міндетті

Мемлекеттік қызметшілер декларация тапсыруға міндетті

Жалпыға бірдей декларация тапсыру өткен жылы басталған болатын. Негі­зі­нен, дек­ларация тапсыру міндет­темесі мем­­лекеттік қызметшілерге, оларға теңес­ті­ріл­ген адамдарға, сондай-ақ олардың жұ­бай­ларына жүктеледі. Былтыр лауазымды қыз­­метшілер арнайы Заң шеңберінде дек­лара­ция тапсырып, кірісі мен мүлкі жөнін­де ақпа­рат берді. Биыл мемлекеттік қызмет­шілер жаңа 270.00 нысанды декларация ұсы­на­ты­ны белгілі.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны мен оны толтыру қағидалары ҚР Қаржы минис­трінің 2021 жылдың 13 қыркүйегіндегі №927 бұй­рығымен бекітілген. Сонымен бірге дек­ла­рация тапсыру ережелері ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы За­ңының №11, 12, 13 бабында көрсетілген. Арнайы Заң негізінде бірнеше тармақ бо­йынша мемлекеттік қызметкерге қатаң талаптар қойылған. Атап айтқанда, №11 бап «Қаржылық бақылау шаралары» бо­йын­­ша заңмен қарастырылған. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақса­тында осы бапта айқындалған адамдар же­ке тұлғалардың мынадай декларацияларын: активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады. Сонымен бірге активтері мен міндеттемелері туралы дек­ларацияны көрсетуге құқылы. Заң аясында көрсетілген бірнеше тармақтың орындалуы маңызды рөл ойнайды. Бұл ретте, дек­ларация тапсыруға міндетті лауазымды тұлғалар жөнінде ақпарат бере кеткен жөн. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депу­­таттығына, аудандық маңызы бар қа­ла­­­лардың, кенттердің, ауылдардың, ауыл­дық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жер­гілікті өзін-өзі басқару сайланбалы орган­дарына мүшелікке кандидаттар және олар­дың жұбайлары (зайыптары) – кандидат ретінде тіркелгенге дейін, екіншіден, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адам­дарды қоспағанда, мемлекеттік лауа­зымға не мемлекеттік немесе соларға те­ңес­тірілген функцияларды орындауға бай­ланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұ­байлары (зайыптары) – лауазымға та­ғайын­дау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бо­йынша) тапсырады. Сонымен бірге кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уә­кілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады. Осы ретте, жекеле­ген азаматтар есепті күнтізбелік жыл ішін­де Қазақстан Республикасының салық заңна­масында айқындалған мүлікті сатып ал­ған жағдайда, осы баптың 3-тармағында атал­ған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді. Активтері мен міндеттемелері туралы дек­ларация Қазақстан Республикасының са­лық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заң­на­ма­сында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Респуб­ликасының салық заңнамасына сәй­кес жасалады және Қазақстан Рес­пуб­ликасының салық заңнамасында айқын­далған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсы­нылады.

Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларация­ны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да мін­детті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету сала­сындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының са­лық заңнамасында белгіленген тәртіппен ор­наластырылады.

Өз кезегінде №12 бап «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы шектеулер» негізінде мем­лекеттік қызметкерге біршама қағида бе­кітілген. Әсілінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында заңдылық тұрғыдан шектеу енгізу қалыпты жағдай. Лауазымды тұлғалар қай кезде де дүние-мүлкі, ішкі және сыртқы кірісі жөнінде мол ақпарат бергені жөн. Сонымен бірге №13 бап Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет бойынша бірнеше шарттарды орын­даған абзал. Тек заң аясында әрекет еткен­ мемлекеттік қызметшінің абыройы биік бол­мақ.




Сырдария ауданы
әкімінің аппараты
23 шілде 2022 ж. 335 0