Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың пасха мерекесімен құттықтауы
Қымбатты жерлестер!
Аймағымыздың православ дінін ұстанатын азаматтарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жақсылық пен әділеттің салтанат құруын бейнелейтін Пасха мерекесі үлкен мәнге ие.
Бұл-мейірімділікке, қай дін өкілін де бірлікке шақыратын мейрам. Қазақстанның басты байлығы-барлық конфессия өкілдерінің өзара татулығы мен үйлесімді қарым-қатынасы. Бұл байлықты сақтап, бірлігімізді арттыруымыз керек.
Пасха мерекесі әр отбасына амандық, жақсылық пен бақыт әкелсін! Барлық армандарыңыз бен ізгі тілектеріңіз орындалсын!
Пасха мерекесімен, қымбатты жерлестер!