Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақстанда енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

Қазақстанда енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

Мәжіліс депутаттары байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды арттыру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады. Заң жобасында нәрестелерге туа сала жеке сәйкестендіру нөмірін бекіту  қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмас үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр.

"Құқық қорғау органдары бірнеше рет балаларды сатумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады. Олар "маркетплейстер" арқылы нәрестелерді сатқан. Балаға туа сала ЖСН беру, бірінші кезекте осы мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі күні туғаннан кейін азамат ретінде тіркелгенше біраз уақыт өтеді, ол алаяқтық жүйелерді іске асыруға мүмкіндік береді. Енді баланы цифрлық тіркеу уақыты оның дүниеге келген сәтімен бірдей болады", – деді мәжілісмен Константин Авершин. 

Фото: Stan.kz
24 қаңтар 2024 ж. 147 0