Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауданда ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары жалғасады

Ауданда ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары жалғасады

Аудан тұрғындары көтеріп жүрген мәселелердің негізінде ауыз су құбырларына зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде, аудан көлеміндегі Тереңөзек, Шаған, Қоғалыкөл елді мекендеріндегі су құбырларының тозғандығы анықталып, 2023 жылы бірқатар жұмыстар жасалды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жұмыстар 2024 жылы да жалғасын табатын болады.

Биыл Тереңөзек кентінің А. Құнанбаев көшесі, Жамбыл көшесі, Жеңістің 50 жылдығы көшесі, А. Алиакбаров, Ғ. Мұратбаев көшесі, Ш. Құндызбаев көшесі, О. Абдулпаттаев көшесі, Тоғанас батыр көшесі, Қазақ көшесі, И. Тоқтыбаев көшесі бойындағы су құбыры желісінің құрылысына 108 млн теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Шаған ауыланан Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелерінің және Аманкелді ауылындағы Ж.Құлымбетов, А.Ақайдаров, А.Жанкин көшелерінің ауыз су құбырларын жаңартуға қатысты жұмыстар жүргізілетін болады.
18 қаңтар 2024 ж. 247 0