Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылшаның қарқыны қайтпай тұр...

Қызылшаның қарқыны қайтпай тұр...

Қызылша дертіне шалдығып, ауру жұқтырғандар саны сиремей тұр. Тіпті бұл жолғы дерттің қарқыны жаман. Еліміздегі көрсеткіш соңғы 10 жылда болмаған сандарды көрсетуде. Ауырғандардың басым көпшілігі – 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар.

Жаға ұстатар деректерге орай премьер-министр Ә.Смайылов қызылшаға қар­сы егу жұмыстары төмен өңірлерді сынға алды. Оның ішінде Қарағанды, Қос­танай облыстарында екпе егу қарқыны төмен екен. «Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырып, қызылшаға қарсы иммундау деңгейін арттыру керек» деді премьер-министр.

Жыл басынан бері республика бойынша екі мыңға жуық жағдай тіркеліп үлгерген. Деректер былтыр 30 мың адамның ауру жұқтырғанын көрсетеді. Жұқпалы вирусқа қарсы вакцинаның қосымша бір жарым миллион дозасы сатып алынған. Десек те жағдай тұрақталмай отыр. Көбіне дертке шалдығатындар – 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Жұқпалы ауруға шалдық­қандар арасында ересектер де бар.

Аудандағы ахуалға тоқта­лар болсақ, өткен жылы 46 адам дәл осы дертпен күрес­кен. Оның ішінде 12 жағдай зертханамен растал­ған. Жыл басынан бері екі жағдай тіркелген. Жалпы қазіргі таңда аудандағы жағдай біршама тұрақты деуге болады.

Айта кетейік, былтыр жел­тоқ­сан айында АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталығы Қазақстанды қызылша деңгейі жоғары елдер қатарына қосқан еді. БҰҰ балалар қоры Еуропа мен Орталық Азиядағы қызылша таралымы туралы есебінде елімізді бірінші орынға қойыпты.

«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
16 қаңтар 2024 ж. 221 0