Жұлдызды қалашықтың мәселелері бақылауда
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Байқоңыр қаласының кейбір мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Аймақ басшысы Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ондағы қоғамдық-саяси ахуал Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей бақылауында екенін атап өтті.
«Бүгінгі күні, қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға тікелей әсер ететін және жедел әрі уақытылы шешуді талап ететін азаматтардың тыныс-тіршілігіне байланысты бірқатар жүйелі мәселелер бар. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді Үкіметаралық комиссия шешіп келеді. Менің тапсырмама сәйкес құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдаулар өткізілуде. Қала жалға берілгенімен, мемлекеттік мүліктің барлығы Қазақстан меншігінде. Сол себепті, инженерлік-инфрақұрылым мәселесіне Үкімет ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан тарапынан қала толықтай газға қосылған. Іргелес орналасқан Төретам кенті мен Ақай елді мекеніне жыл соңына дейін газ беріледі. Алдағы жылдары да жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. 2024 жылы Байқоңыр қаласында кәріз жүйелерін және су құбырларын қайта жаңғырту жобасы іске асырылады. Бұдан бөлек, электр және жылу жүйелері де тозығы жетіп, 75%-ы ескірген. Қаладағы жылу желілері мен электр жүйелерінің жағдайына зерттеу жүргізіп, қайта жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізілуі тиіс. Сонымен қатар, қаладағы 351 көпқабатты үйдің ішкі инженерлік жүйелері де назардан тыс қалмау қажет», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Ырзақұлұлы, Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қала мәселелерін шешу бойынша қабылданған шаралар барысын баяндады.
Жиын нәтижесімен Байқоңыр қаласының инженерлік инфрақұрылым желілерін реконструкциялау, тұрғын үй құрылысын жалғастыру және әлеуметтік нысандарды салу, қазақстандық мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатында қаладағы екі балабақшаны іске қосу және медициналық ұйымдарды қажетті мамандар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Байқоңырда 57 мың адам тұрады. Оның 41 мың адамы немесе 71%-ы Қазақстан азаматтары.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі