Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты

Президент «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Нью-Йорктегі жұмыс сапарының аясында «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты, деп хабарлайды Аkorda.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты. Жиында С5+1 серіктестігі арқылы экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуын және өркендеуін одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі талқыланды. Саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденнен кейін сөйледі», делінген ақпаратта.

Саммитте  Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те сөз сөйлеп,  стратегиялық серіктестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Саммитте экономикалық ынтымақтастық мәселесіне, сондай-ақ америкалық компаниялардың маңызды қазба байлықтарды игеру, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі және басқа да бағыттарды дамыту мүмкіндіктері айтылды.

С5+1 форматындағы саммитте  қауіпсіздік проблемаларын, соның ішінде киберқауіпсіздік, терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы секілді қауіп-қатерлерді шешу үшін ынтымақтастықты нығайтуға да баса мән берілді.

Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде келешекте  Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын ашу ісінде АҚШ тарапының қолдауына сенім артатынын жеткізді.

Фото: Аkorda.kz
20 қыркүйек 2023 ж. 201 0