Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінде заманауи білім беру нысандары салынуда

Сыр өңірінде заманауи білім беру нысандары салынуда

Бүгінде облыс әкімінің қолдауымен аймақта жаңа жобалар жүзеге асырылып, Сыр өңірі құрылыс алаңына айналды. Соның ішінде білім беру нысандарының құрылысы ерекше қарқын алды.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры есебінен типтік жобадағы мектептер, интернаттар және қосымша білім беру ұйымдары ғимараттарын салуға салалық министрлікке ұсыныс берілген болатын.
Үкімет басшысы Әлихан Асханұлы Смайыловтың облысқа іссапары кезінде қаланың сол жағалауынан 300 орынға арналған жатақханасы бар, дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернатын салу ұсынысы қолдау тапты. Құрылыс мамыр айында басталмақ.

Осы кезге дейін Қызылорда қаласында бір ғана Оқушылар үйі болса, енді сол жағалауда 350 орынға арналған заманауи үлгідегі екінші Оқушылар сарайының құрылысы басталуда.

Сонымен қатар, биыл дарынды балаларды қолдау мақсатында Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында 150 орынға арналған мамандандырылған мектеп-лицей ашылды. Оған қоса Жезқазған трассасы бойында 600 орындық, Жаңақорған ауданы, Майбекет мөлтек ауданында 300 орындық, Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық мектептер ел игілігіне беріледі. Ал Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі жеке инвестор есебінен салынып жатқан №248 апатты мектеп жаңарып, биыл пайдалануға берілмек.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста алдағы 3 жылда 15 100 орынға арналған құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектеп салынады. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады. Бұл 2025 жылы өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесінің толығымен шешім табуына, балалардың сапалы білім алуына берік негіз қалайды.

Мұнан бөлек, Қызылорда қаласындағы үш ауысымға көшуі мүмкін мектептердің мәселесі де биыл шешімін табады. Қазір Абай атындағы мектеп жанынан 550 орындық, №101 мектеп-лицей жанынан 375 орындық, №264 мектеп-лицей жанынан 550 орындық, №3 мектеп-лицей жанынан 375 орындық қосымша оқу ғимараттары салынуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 сәуір 2023 ж. 353 0