Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мектептерді қорғау талаптары айқындалады

Қазақстанда мектептерді қорғау талаптары айқындалады

Қазіргі уақытта білім беру мекемелері қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы аясында іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күзет қызметін реттеу жөніндегі талаптарды кеңейту үшін 2023 жылы ҚР СТ «Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мектеп объектілерін, білім беру және кәсіптік ұйымдарын күзету. Жалпы талаптар» ұлттық стандартын әзірлеу жоспарланған.

«Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Мектептерді немесе балабақшаларды күзету ерекше тәсілді қажет етеді. Тәжірибе көрсеткендей, балалар мен жастардың көп жиналатын орындарында әр түрлі оқиғалардың туындау қаупі өте жоғары, сондықтан аталған стандартты әзірлеу қажет», деді ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Стандартта білім беру объектілерінде күзетті ұйымдастыру және өткізу режимі мен объектішілік режимдерді қамтамасыз ету бойынша жалпы ережелерді белгілеу жоспарлануда.
20 ақпан 2023 ж. 247 0