Биыл ҰБТ қалай өтеді?
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты ең маңызды мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл ҰБТ 5 рет өткізіледі:
ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында (3 рет);
мемлекеттік грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін (2 рет).
ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?
Биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
Өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
Колледж түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
Қандастар – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
Шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ-ға;
Басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға;
Ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірген студенттер – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға.
ҰБТ форматы қандай?
5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
Барлық тапсырмалардың саны – 120;
Ең жоғары балл – 140;
Тестілеудің жалпы уақыты - 4 сағат (240 минут).
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына түсуге ниет білдірген колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:
2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы);
Тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
Тест тапсырмаларының саны – 60;
Жоғары балл саны – 70;
Шекті балл – кемінде 25 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына - кемінде 35 балл;
Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.