Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария ауданында серпінді бастамалар көп

Сырдария ауданында серпінді бастамалар көп

Биыл Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту бағытында қарқынды жұмыстар қолға алынбақ. Атап айтсақ, осы жылы бюджет және демеушілер есебінен 11,6 млрд.теңгені құрайтын 71 жоба әзірленіп, республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды. Сондай-ақ, Сырдарияда аудандық маңызы бар жолдардың басым көпшілігіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елдімекендердің ішкі көшелері жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталмақ. Ал аудан тұрғындары үшін ең маңызды саналатын «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автомобиль жолына тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, ауданға қарасты Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елдімекендеріне жарықтандыру жұмыстары басталып, электр желілері толық жаңартылатын болады.

- Ауданымызда былтыр нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылып, барлық салаларда оң көрсеткіштер қалыптасты. Соларға арнайы тоқталып өтсем, өткен жылы аудан бюджеті 13,1 млрд.теңгені құрап, оның 70 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Сондай-ақ, аудан экономикасына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп өндірісі - 4,3 есеге артса, өңдеу 56 пайызға ұлғайды. Ауданға инвестиция тарту да жақсы көрсеткішке ие болып, 219 пайызға орындалды. Ал тұрғын-үй құрылысының көлемі - 1,9 пайызға артып отыр. Халықты тұрақты жұмыспен қамту – күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Осыған сәйкес, былтыр жұмыспен қамтудың белсенді шараларының арқасында 3 115 адам жұмыспен қамтылды және 902 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар аймақ басшысының бастамалары негізінде, облысымызда кәсіпкерлік саласы өркендей түсті. Тиісінше, біздің ауданымызда да аталмыш саланы дамыту мақсатында 500 жобаға қаржылай қолдау көрсетіліп, нәтижесінде 450-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл сырдариялық азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына үлкен қолдау болғаны анық. Жалпы ауданымызда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі - 94,1 пайызды құрап, былтырғымен салыстырғанда 18,4 пайызға артты, - деді аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 қаңтар 2023 ж. 408 0