Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанат Ислам «Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?» деген сұраққа жауап берді

Қанат Ислам «Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?» деген сұраққа жауап берді


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25–0, 20 КО) өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
ESNews телеарнасының репортері Эли Секбах "Қазақтың" жаттығуларының бірінде болып, отандасымызға бірнеше сұрақ қойған екен.
— Қанат, 25 жекпе-жектің бірінде де жеңілмегенсің бе? Жақсы рекорд.
— Маған қарсылас тауып берші (күледі). 
— Джермелл  Чарломен жұдырықтасар ма едің? Ал "Канеломен" ше?
— Иә, қуана-қуана келісер едім (күледі). 
— Ал GGG-мен жекпе-жекке қалай қарайсың? 
— Ол 160 фунтта ғой. 
— Жақында жекпе-жек өткізесің бе? 
— Иә.  
Қанат Ислам соңғы рет рингке Астанада өткен жылдың қыркүйегінде шықты. Ол кезде канадалық Брэндон Кукті техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Қанаттың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарлануда, қай күні және қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.    
17 сәуір 2018 ж. 1 257 0